AI қорытындысы
Көбірек көрсету
Бар болғаны 30 секундта мақаланың мазмұнын жылдам түсініңіз және нарықтағы көңіл-күйді бағалаңыз.
Криптовалюталарға инвестициялау қызықтырады ма? Ескеретін миллиардтаған факторлар бар. Сіз үлеске иелік дәлелі (PoS) блокчейн желісіне негізделе отырып тиындарға инвестициялағанда, сіз PoS желілеріне қауіпсіздеу және тиімдірек жұмыс істеуге көмектесетін стейкингке қатыса аласыз. Стейкингке қойылатын жалғыз талап: тиындарды криптовалюта әмияныңызда ұзақ уақыт кезеңі бойы сақтау. Бұл сізге стейкинг марапаттарын алуға мүмкіндік береді. Стейктелген тиындар пайыз әкелетін жинақтаулар аккаунттарына ұқсайды, өйткені бұл опциялардың екеуі де бастапқы инвестицияға пйаыз береді. Осы пассивті кіріс стратегиясын қолдануды жалғастыру керек пе? Оқуды жалғастырыңыз, өйткені біз пассивті кіріс алығыңыз келсе және жоғары кіріс артықшылығын алғыңыз келсе, біз сіз инвестициялай алатын ең жақсы стейкинг тиындарының біразын қарастырамыз.
Негізгі қорытындылар:
PoS тиындарын стейктеу сізге крипто желісінде ұстау және транзакцияларды валидациялау арқылы пассивті кіріс алуға мүмкіндік береді.
PoS тиындарына қоса, бұл нұсқаулықта жоғары пайыздық мөлшерлемелері бар басқа үздік стейкинг тиындары тізілген, соның іішнде USDT және USDC сияқты стейблкойндар әрі TON, BTC және ATH сияқты басқа тиындар.
Крипто стейкингі — әмиянға қаражаттарды салуды және оларды PoS блокчейндері үшін транзакцияларды валидациялауды қолдау үшін сонда ұстауды қамтитын процесс. Транзакция валидациясына қатысу арқылы қатысушылар қосымша криптовалютаны алады.
Криптоны стейктеумен байланысты негізгі артықшылықтар мыналарды қамтиды:
Крипто майнингінен ерекшелігі, крипто стейкингі ешқандай қосымша жабдықты қажет етпейді.
Сіз крипто активтеріңізде белгілі бір пайыз сомасын таба аласыз.
Стейкингтің қоршааған ортаға зияны майнингтен айтарлықтай азырақ.
Стейкинг PoS блокчейндерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін тікелей жақсартады.
Майнинг пен стейкинг арасында біраз байқалатын айырмашылықтар бар. Әдетте, майнинг тек жұмыс дәлелі (PoW) жүйелерінде орын алғанымен, сіз стейкинг платформаларында PoW тиындарынан да, PoS тиындарынан да кіріс ала аласыз.
PoW консенсус механизмі де, PoS консенсус механизмі де банк немесе басқа қаржылық мекеме сияқты үшінші тарапты қажет етпестен блокчейн транзакцияларын растай алады. Екі механизмнің арасындағы негізгі айырмашылық — олардың энергияны тұтынуында. Стейкинг процесін бастағыңыз келсе, сіз алдымен PoS тиындарын алуыңыз керек. Пайдаланғыңыз келетін тиындарды таңдағаннан кейін сіз қанша үздік стейкинг тиындарыңызды стейктегіңіз келетінін шешесіз. Бұл процесті кез келген негізгі криптобиржада істеуге болады.
Есіңізде болсын, сонымен қатар кіріс фармингі арқылы қосымша табыс табуға болады. Стейкингтен біраз күрделірек болғанымен, кіріс фармингі ағымдағы крипто активтеріңізді әртүрлі DeFi платформаларына несиеге беру арқылы тиындар табуды қамтиды. Кіріс фармингі арқылы сіз крипто активтеріңізді бірнеше күннен бірнеше айға дейін үлес етіп қосасыз. Жоғарырақ несие сомалары әрдайым жоғарырақ марапаттарға әкеледі.
Пассивті кіріс табу үшін крипто стейкингінің артықшылықтарына қарамастан, білу керек бірнеше тәуекел бар. Негізгі тәуекелдер келесідей:
Крипто бағалары салыстырмалы түрде құбылмалы болып табылады, яғни, олардың құны тез төмендейді. Активтеріңіздің құны айтарлықтай төмендесе, сіз шығындарды жабу үшін жеткілікті пайыз алмауыңыз мүмкін.
Крипто табыстарыңызды «стейксіздеу» мүмкін болғанымен, кейбір платформаларда бұлай істеуге кемінде жеті күнді алуы мүмкін. Керісінше, Bybit сияқты платформалар лезде шешіп алуларға мүмкіндік беретін Bybit жинақтаулар өнімін ұсынады.
Сіз үздік стейкинг тиындарының кейбіреулерін пайдалнағыңыз келсе, бұл тиындар қысқа уақыт кезеңі бойы құлыптаулы қалатынын түсіну маңызды. Бұл осы аралықта бұл активтермен ештеңе істеу мүмкін емес екенін білдіреді.
Төменде стейкинг марапаттарын алуды бастау үшін сіз сатып ала алатын 20 ең жақсы стейкинг тиындары жан-жақты қарастырылған. Токендердің таңбалары әрбір крипто платформасынан кейін тізілген.
Сіз құны төмендемейтін ең жоғары APY көрсеткіші бар крипто стейкинг токенін іздеп жатсаңыз, Tether (USDT) жақсы таңдау болып табылады. Әлемдегі жетекші стейблкойн ретінде, биткойн (BTC) және Ethereum (ETH)-кейін криптолар арасында үшінші орында тұрған USDT 112 миллиард АҚШ долларын (2024 жылдың 14 қаңтарындағы жағдай бойынша) құрайтын нарықтық капиталдануымен мақтана алады. 2014 жылдан бері USDT крипто пайдаланушыларына крипто валютаны нарықтарының құбылмалылығына қарсы жастықты қамтамасыз етіп келген.
Дәстүрлі қаржылық жүйелерді (мысалы, банктерде) фиаттық валютаны ұстаудың орнына, сіз USDT-ді стейктей аласыз. Ол сізге тартымды пассивті кірісті береді және инфляцияға қарсы (әсіресе осы белгісіз экономикалық уақытта) қорғауға көһмектеседі.
USDT резервтерін АҚШ доллары 100% қолдайады (Tether-дің платформасы сіз мұны тексере алатын транспаренттік бетін қамтамасыз етеді). Одан да жақсысы, USDT-дің зор сауда акөлемі және терең өтімділігі бар. Бұл сізге токендерді цифрлық активтерге оңай своптауға мүмкіндік береді.
Криптоны құбылмалылыққа байланысты құнын жоғалту тәуекелінсіз ұстауға адйынсыз ба? Онда USDT стейктеуден 9,39% APR алатын «Bybit жинақтаулары» өнімін қолданып көріңіз. Сонымен қатар Bybit 2024 жылдың 30 қаңтарында аяқталатын айрықша USDT стейкинг оқиғасын өткізуде. Оның барысында USDT стейктеу сізге күнде 100% APR әкеледі. Бұл оны нарықтағы ең жоғары APY крипто стейкинг ұсынысы етеді.
Құнының төмендеуі туралы ешбір қорқынышсыз стейктеуге болатын тағы бір үздік крипто — USDC. Оны финтех алыбы Circle жасаған және оның Circle Alliance Group арқылы күшті серіктестіктері бар, бұл Visa, Mastercard және Blackrock сияқты танымал атауларды қамтиды. Жылдар бойы USDC сұраныс бар криптоға айналды, әсіресе стейктейтін стейблкойнды іздейтіндер үшін.
USDC жылдам және арзан шекарааралық төлемдерді мүмкін етуге әрі пайдаланушыларға транзаакциялар үшін транспарентті және қауіпсіз криптовалютаны қамтамасыз етуге арналған. Circle дүние жүзіндегі қамтуын барған сайын кеңейтіп келді, бұл USDC-дің крипто рейтингтерінде көтерілуіне және USDT-ден кейін екінші ең танымал стейблкойнға айналуына әкелді.
USDC HODL-даудан пассивті түрде табыс табу үшін оны «Bybit жинақтаулары» арқылы икемді стейкингке құлыптаңыз. Сіз 10,15% APR аласыз әрі активтеріңізді езде шешіп ала аласыз және көп машақатсыз оларды қалаған валютаға конвертациялай аласыз. Бұл процесс жылдам, оңай және транспарентті.
Open Network (TON) желісінің негізін Telegram 2018 жылы масштабталатын және қолжетімді кроссчейн өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін қалаған. Toncoin (TON) деген жобаны қуаттайтын нативтік токен 2024 жылы қатты көтеріліп жатты, 2024 жылдың 14 маусымында тарихи ең жоғары деңгейінен 8,01 АҚШ доллары бағасымен асып түсті.
TON-ның кенет көтерілуіне Telegram-ның 2024 жылдың сәуір айындағы мына хабарландыруы себеп болды: арнаа иелері енді арналарына арналған платформадағы жарнамаларға токенді пайдаланып төлей алатыны мәлімделді. TON сонымен қатар Pantera Capital деген маңғызды серіктестерді тартты.
Ең жақсы крипто стейкингі тиындарының біреуінен пассивті кіріс табуға дайынсыз ба? 8,4% APR алу үшін Bybit Earn платформасының «Икемді жинақтаулар» өнімі арқылы TON-ды стейктеңіз. Сіз токендерді кез келген уақытта шешіп аласыз.
Сонымен қатар сіз валидатор болу және TON блокчейнін қорғау үшін TON токендеріңізді стейктей аласыз. Сіз бұдан 2,99% APR аласыз. Notcoin, Hamster Kombat және TapSwap сияқты Telegram-ға қатысты жобалардың танымалды арқылы TON блокчейні өркендеуде. Сондықтан TON-ды HODL-дау және стейктеу ақылды инвестициялық шешім болуы мүмкін.
«Цифрлық күміс» ретінде танымал Ethereum криптовалюталар арасында биткойннан кейін екінші орында тұр. Бұл блокчейн оның тиімділігін арттырған әртүрлі сәтті жаңартулар арқылы өзінің желісін жақсартып келеді.
Ethereum-ның экожүйесі крипто кеңістігінде ең белсенді болып қалып отыр, өйткені адамдар оның қауіпсіздігін және смарт келісімшарттар мүмкіндігін DApp қолданбаларын әзірлеу үшін пайдаланады. Arbitrum (ARB) және Optimism (OP) сияқты жақсы көрсеткіштері бар 2-деңгейлі блокчейндердің айтарлықтай саны да арзан, жылдамдығы жоғары транзакцияларды қамтамасыз ету арқылы Ethereum-ді масштабтауға көмектесті.
ETH —ең жақсы крипто стейцкингі тиындарының бірі. Одан пассивті кіріс алудың бірқатар жолы бар. Оны «Bybit Earn жинақтаулары» арқылы стейктеуге және 3% APR алуға болады.
Сонымен қатар ETH 2.0-ге жаңартудан кейін өтімді стейкинг танымал болды. Ол сізге стейктелген ETH-ке өтімді стейкинг дериватив токендері түрінде қатынасуға, сөйтіп оларды несиеге беру және өтімділікті қамтамасыз ету сияқты DeFi әрекеттері үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Сіз Bybit арқылы ETH-ті стейктеп, stETH ала алсыз немесе 3,8% APR алу үшін Lido өтімді стейкинг платформасында стейктей аласыз әрі Bybit биржасында stETH арқылы кепілдендірілген несиелерден пассивті табыс таба аласыз. Сонымен қатар сіз Mantle Network желісінде ETH стейктей аласыз және 3,69% APR көрсеткішімен mETH ала аласыз. Bybit биржасы mETH-тен кірісті барынша арттырудың бірнеше жолын қамтамасыз етеді.
Биткойн нарықтық капиталдану тұрғысынан үздік крипто болып қалып отыр. Осы кезге дейін, 2024 жыл BTC үшін жақсы жыл болып келеді. Ол 2024 жылдың 17 наурызында 73 737 АҚШ доллары жаңа тарихи ең жоғары мәніне жетті. Бұл қаңтар айында биткойн спот ETF-тері бекітілгеннен кейін болды. Бұған қоса, сәуірде аяқталған биткойн халвингі оқиғасы BTC-ді майндауды қиындатты, осылайша айналымдағы тиындардың мөлшерін азайтты. Осы факторларға негізделе отырып, биткойнды ұстау және стейктеу идеалды болып табылады, өйткені оның құны уақыт өте келе самғауын жалғастырады.
2011 жылдан бері бар және желідегі құнын арттыруға бағытталған әртүрлі әзірлемелері арқылы биткойн ең жақсы крипто стейкинг тиындарының бірі болып қалып отыр. «Bybit жинақтаулары» арқылы сіз биткойнды стейктегенде 2,5 % APY ала аласыз.
Aethir — ойындар мен AI үшін жасалған таратылған гракфикалық процессорлардан тұратын бұлттық инфрақұрылым.Ол жақында 2024 жылдың 12 маусымында мейннетін, сонымен қатар ATH деген нативтік токенін іске қосты. Әлемдегі жалғыз корпоартивтік деңгейдегі қызмет ретіндегі графикалық процессор DePIN ретінде, Aethir AI технологиясы пайда болғанда графикалық процессор қызметтеріне сұраныстың күрт көтерілуін қанағаттандыру үшін өте арзан және масштабталатын тәсілді ұсынады.
ATH-ті тікелей Aethir-дің платформасында, сонымен бірге Bybit биржасында стейктеуге боалды. Aethir екі стейкинг қызметін ұсынады: ATH Gaming және ATH AI. ATH Gaming арқылы стейктеу сізге Aethir-дің ойын серіктестерінің нативтік крипто токендері түрінде марапаттар алуға мүмкіндік береді, ал ATH AI пулін пайдалнау сізге Aethir-дің AI серіктестерінен қосымша марапаттарды береді. Сіз екі пул арқылы кірістеріңізді арттыру үшін бір уақытта екі пулда стейктеуді таңдай аласыз. Ал Bybit Earn сізге ATH үшін 150% құрайтын ең жоғары APY көрсеткішін ұсынады.
Solana блокчейні аюлық нарық кезіндегі апаттық кезеңнен кейін (әсіресе FTX күйрегенде) 2024 жылы қайта оралды. SOL-ға, әсіресе 2024 жылы көрсеткіштері айтарлықтай жақсы болған Solana-ға негізделген мемкойндарға сұраныс өсті.
Біз Solana-да өтімділіктің артқанын көрдік және SOL токені крипто рейтингтеірнде үздік бестікке оралды. Solana-дағы артқан белсенділік (ол толық бұқалық нарықта жалғасуы мүмкін) SOL-ға инвестициялау жақсы қадам болуы мүмкін екенін білдіреді.
Сіз SOL токендерін ұстаған кезде, 1,2% APR алу үшін оларды «Bybit жинақтаулары» арқылы стейктей аласыз. Бұған қоса, сіз SOL токендерін PoS платформасында 7,27% APR-мен стейктеу арқылы Solana желісін қорғауға көмектесе аласыз.
Ethena Labs жасаған USDe крипто пайдаланушыларына құбылмалылық туарлы алаңдаусыз крипто кеңістігін зерттеуге және онда инвестициялауға мүмкіндік беретін тиімді және масштабталатын стейблкойнды (синтетикалық долларды) қамтамасыз етеді. USDe-ні спот жұбы ретінде саудалауға қоса, USDe-нің Bybit биржасына интеграциялануы сонымен қатар сізге оны мерзімсіз келісімшарттарды саудалау үшін кепіл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар сіз 30% жоғары APY алу үшін «Bybit жинақтаулары» өнімінде USDe-ні стейктеу арқылы пассивті табыс таба аласыз. Бұл мөлшерлеме USDe-ні қазіргі уақытта платформада қолжетімді ең жоғары APY бар крипто стейкинг токендерінің бірі етеді.
Dai стейблкойнын MakerDAO крипто пайдаланушыларына құбылмалылық жоқ қаржылық еркіндікті беру үшін жасаған. ERC-20 токені болғандықтан ол смарт келісімшарттар негізінде жұмыс істейді және оны DApp қолданбаларына оңай интеграциялауға болады.
Dai 400-ден астам қолданбаға және қызметке интеграцияланғандықтан, оның пайдалылығы уақыт өте келе өсті. Бұл оны стейблкойндар тауашасында құнды бәсекелес етті. Сондықтан, DAI стейкинг үшін ең жақасы тиындардың арасында тұр, өйткені оны басқа активтерге оңай конвертациялауға болады. Сонымен қатар оның танымалдығы орталықтандырылмаған стейбкойнға сұраныстың артуына байланысты. Пассивті табыс табу үшін сіз DAI токендеріңізді «Bybit жинақтаулары» өнімінде 6,34% APR-мен құлыптай аласыз.
BNB криптовалюта кеңістігіндегі маңызды рөліне байланысты (әсіресе әлемдегі ең үлкен криптобиржалардың бірі Binance оның негізінде жұмыс істейтіндіктен) ең жақсы крипто стейкингі тиындарының бірі болып табылады. Бұл тиынның әмбебаптығы әрі BNB Smart Chain (BSC) желісіндегі өте маңызды рөлі, сонымен бірге сенімді токеномикасы, оны стейктеу үшін ең жақсы криптовалюталардың бірі етеді. BNB токені Binance биржасында және BSC желісінде комиссиялерді төлеу, саудагерлерге төлеу және пассивті марапаттарды алу мақсатында стейктеу үшін пайдаланылады.
BNB-ді пайдалану жағдайлары жылдам кеңейіп жатқандықтан, сіз 1,42% APR көрсеткішімен марапаттар алу үшін сіз BNB-іңізді Bybit Earn «Икемді жинақтаулар» жоспарында стейктей аласыз. Сонымен қатар сіз валидатор бола аласыз және 1,01% жылдық мөлшерлемемен стейкинг марапаттарын алу үшін BNB-іңізді стейктеу арқылы BSC-дің қауіпсіздігіне үлес қоса аласыз.
Валидатор болу үшін сіз Trust Wallet қолданбасын жүктеп алуыңыз, қаржылық бақылау тақтасында Стейктеу тармағын таңдауыңыз, стейктегіңіз келетін BNB сомасын (минималды сома — 1 BNB) және BNB тиындарыңызды стейктеуге өтуіңіз керек болады.
MNT — Mantle Network желісінің нативтік токені. Mantle Network — деректердің қолжетімділігін, тамаша өнімділікті және оптимистік роллаптарды пайдалана отырып қауіпсіздікті біріктіретін 2-деңгейлі модульдік Ethereum масштабтау шешімі.
Бұған қоса, Mantle — EVM үйлесімді. Бұл әзірлеушілерге DApp қолданбаларын оңай әзірлеу үшін смарт келісімшарттарды және басқа құралдарды пайдалнауға мүмкіндік береді. Басқа 2-деңгейлі Ethereum шешімдерімен салыстырғанда, Mantle-де MNT токенімен байланыстырылған серіктестердің кең желісі бар. Бұл оның болкчейнін қолданба әзірлеушілері үшін тез өсіп жатқан айлақ етеді.
Сонымен қатар MNT Bybit биржасындағы ең жақсы крипто стейкингі тиындарының бірі болып табылады. Оның жеті күндік бекітілген жоспары үшін 10% мөлшерлемесі бар. Оның икемді стейкинг жоспары 4% APR көрсеткішін, сонымен бірге сізге MNT- ді кез келген уақытта шешіп алу мүмкіндігін ұсынады.
AVAX — Avalanche блокчейнін қуаттайтын отын. Avalanche бұл әзірлеушілерге жылдам, тиімді және арзан жасауға көмектесуге арналған смарт келісімшарттар платформасы. Тұлғалар мен кәсіпорындар қолданбаларын іске қосу үшін Avalanche блокчейніндегі арзан, кодты аз қажет ететін құралдарға қатынаса алады. AVAX токені Avalanche блокчейнінде газ комиссияларын төлеу және желіні валидаторлар арқылы қорғау үшін пайдаланылады.
Сіз валидатор болу және 8,02% жылдық мөлшерлемесімен (бұл AVAX-ты DeFi кеңістігіндегі ең жоғары APY көрсеткіші бар крипто стейкингі токендерінің бірі етеді) стейкинг марапаттарын алу үшін AVAX токендерін стейктей аласыз. Сонымен қатар сіз AVAX токенін «Bybit жинақтаулары» өнімінде стейктей аласыз. Онда сіз 1% кірісін аласыз және активтеріңізді кез келген уақытта ыңғайлы шешіп ала аласыз.
VaporWallet (VPR) 2023 жылы іске қосылды және 40 000-нан астам инвестордың қатысуы арқылы Bybit биржасындағы ең үлкен IDO-лардың біреуіне айналды. Оның газсыз крипто әмиянына Visa қолдау көрсетеді және сізге газ комиссиялары күрделілігінсіз цифрлық активтеріңізбен транзакцияларда мәселелерсіз тәжірибені пайдалануға мүмкіндік береді.
VPR пайдаланушыларды VaporWallet-те бірлескен қорларды сатып алуға ынталандырады. Сонымен қатар сіз марапаттар алу үшін VPR-ді және әмияндағы басқа криптовалюталарды стейктей аласыз.
Бұған қоса, VPR токені Bybit биржасындағы ең жоғары APY крипто стейкинг тиындарының қатарында тұр. Ол стейктелген активтерге 60% APR береді. VaporWallet әмиянының әмбебаптығы мен ыңғайлылығымен бірігіп, бұл жоғары APY көрсеткіші VPR токенін пассивті табыс табу үшін ұстайтын ең жақсы стейкинг тиындарының бірі етеді.
Polkadot экожүйесінің нативтік токені DOT — оның Polkadot блокчейнінде басқару мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі пайдасына байланысты ұстайтын ең жақсы стейкинг тиындарының бірі. Ethereum-ның тең құрылтайшысы Гавин Вуд жасаған Polkadot әртүрлі блокчейндерде өзара әрекеттесу мен байланысты жақсартуға арналға. Танымал бірнеше блокчейндік желі болып қалды.
DOT токені Polkadot блокчейнінде байлнаыстыру, стейктеу және басқару үшін пайдаланылады. Сіз 16,79% тартымды мөлшерлемесін алу үшін Polkadot блокчейнінде токендеріңізді стейктей аласыз немесе «Bybit жинақтаулар» өнімінде стейктелген DOT токендеріңізге 1% APR беретін қарапайым стейкинг шешімін таңдай аласыз.
LFT токені Lifeform-ның нативтік токені болғандықтан ең жақсы стейкинг тиындарының тізіміне қосылды. Lifeform — сізге цифрлық тұлғаңызды Web3 кеңістігінде пайдаланатын шынайы адам сияқты аватарды жасауға мүмкіндік беретін платформа. Сіз NFT аватарларын минттеуден марапаттар алу үшін Lifeform платформасында LFT токендеріңізді стейктей аласыз. LFT токені Bybit биржасында қолжетімді ең жоғары APY бар крипто стейкингі токендерінің қатарында тұр. Оның «Bybit жинақтаулары» өнімінлдегі APR көрсеткіші 40%-ды құрайды.
«Блокчейндердің интернеті» деп аталатын Cosmos блокчейндердің бір бірімен тиімді байланысуы үшін арнаны қамтамасыз етеді. Бұл оның ATOM деген нативтік токенін экожүйесінде ойнайтын маңызды рөлдері (мысалы, басқару және комиссияларды төлеу) үшін стейктеуге тамаша крипто етеді.
Cіз 17,05% мөлшерлемесімен марапаттар алу үшін Cosmos-та ATOM токендеріңізді стейктей аласыз. Бұл ATOM-ды ең жоғары APY көрсеткіші бар крипто стейкингі тиындарының бірі етеді. Сонымен қатар сіз ATOM токендеріңізді «Bybit жинақтаулары» өнімінде құлыптай аласыз. Онда сіз 1% мөлшерлемесімен пассивті кірістерді аласыз және активтеріңізді кез келген уақытта шешіп ала аласыз.
Ethereum-мен жиі салыстырылатын Cardano блокчейні Ouroboros PoS консеснсус механизмін пайдалану арқылы пайдаланушыларға тезірек транзакцияларды қамтамасыз етеді. ADA — Cardano блокчейнін қуаттайтын, оның экожүйесіндегі төлемдерді мүмкін ететін нативтік токен.
Сіз 2,93% мөлшерлемесімен стейкинг марапаттарын алу үшін блокчейннің Yoroi және Daedalus деген ресми әмияндарын пайдаланып Cardano блокчейнінде ADA токендеріңізді стейктей аласыз. Сонымен қатар «Bybit жинақтаулары» өнімі 1% APR көрсеткішімен икемді ADA стейкингін ұсынады.
XAR нативтік токені болып табылатын Arcana Network желісі әзірлеушілерге Web3 қолданбаларын байланыстыратын SDK-ді қамтамасыз етеді. Бұл оларға сәйкестік куәліктерін оңай аутентификациялауға, құпия ақпаратты сақтауға және басқа DeFi қызметтеріне қатынасуға мүмкіндік береді. XAR токені стейкинг арқылы Arcana Network желісін қорғауда маңызды рөл ойнайды және 40% APR көрсеткішімен «Bybit жинақтаулары» өніміндегі ең жоғары APY көрсеткіші бар крипто стейкингі токендерінің қатарында тұр.
MEE — Medieval Empires ойынының қызметтік токені. Medieval Empires — 13 ғасыр туралы NFT блокчейн ойыны. Онда сіз ортағасырлық жередгі ең қуатты империяға айналу мақсатымен империя және әскер құрасыз.
MEE сіз ұстай алатын үздік стейкинг тиындарының қатарында тұр, өйткені ол ойындағы VIP мәртебесі, жерге қатынас және басқа марапаттар сияқты артықшылықтардың құлпын ашады. Сонымен қатар сіз 30 күндік бекітілген кезең бойы «Bybit жинақтаулары» өнімінде MEE стейктей аласыз. Бұл кезеңде сіз 8% APR көрсеткішімен стейкинг марапаттарын аласыз.
Нарықтық капиталдану тұрғысынан төртінші ең үлкен стейблкойн ретінде, TrueUSD (TUSD) сізге құбылмалылықтан қорғанысты қамтамасыз етеді — әсіресе крипто нарығында. Фиаттық валютаны ұстаудың орнына, сіз TUSD сатып ала аласыз және оны Bybit Earn платформасында стейктей аласыз. Онда сіз 6,2% APR аласыз. Сіз табыстарыңызды кез келген уақытта шешіп ала аласыз.
Тиындарды PoS блокчейн желісінде немесе «Bybit жинақтаулары» өнімінде тиындарды стейктеу сізге пассивті табыс табудың және жоғары кірістерді алудың тамаша жолын ұсынады. Бұл инвестициялардың тәуекелі өте аз және тамаша пайыздық марапаттарды төлейді. Осы нұсқаулық қолыңызда болғанда, сізде стейкинг процесін бастау үшін қажеттінің барлығы болады.
#LearnWithBybit